Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
«Базалық Дайындық» Факультеті
«Информатика және қолданбалы экномика» кафедрасы
Тақырыбы: Ақпарат теориясының ақпараттық жүйелердегі рөлі.
Орындаған:ЕТжБҚЕ-210 тобының студентті Кумарова Б.Б.
Тексерген : Доктор-PHD Ташенова Ж.М.
Астана 2016.
МАЗМҰНЫ
1.Ақпарат теориясы.
2. Ақпараттық жүйелердің даму сатылары
2.1 Ақпараттық төңкерістер.
3. Ақпараттық Жүйелер дегеніміз не?
4. Ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын рөлі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Ақпарат теориясы.
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда. Ақпараттың тарихы, анықтамалары[өңдеу]Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.
Ақпарат хат ретінде
Ақпарат – қарастырылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің дауысы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін “ақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан, оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалға, “мыңдаған биттерден тұратын ақпарат” деп айта аламыз. Байланыс теориясында жиі Клод Шеннонның есімімен байланысты ақпарат энтропиясы деген ұғым пайдаланылады (төменде қара). Ақпараттың келесі бір түрі Фишер (R.A. Fisher) енгізген ұғым – Фишер ақпараты. Бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері Фишер ақпараты болып табылады. Оны жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы, қалыпты (normal) ықтималдық функциясы бойынша Фишер ақпараты заң variance керісі болып табылады. Ықтималдық заңы туралы ілімсіз Фишер ақпараты қалыпты (normal) ықтималдықпен тарайтын деректің екінші моментіне керісінен есептеуге болады. Тіпті ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі қолданылатынына қарамастан, олар екі түрлі ұғым. Деректер байланысы жоқ ақпараттар жинағы болып табылады және сәйкесінше өңделмейінше, пайдасыз болып табылады. Өңделу барысында өзара жетерліктей байланыс табылса, және олардың маңызы бар болса ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан жәй деректер түрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Яғни деректер әлдебір ақпарат қамтылмайынша, жарамсыз болады.Ақпарат энтропиясын өлшеу[өңдеу]Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда “жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері” екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы – реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады… Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. 123456789101112131415161718192021 Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон “Жиі хабарлардың мәні бар… бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы – нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында” (екпін түпнұсқадан сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып табылады, субстанция емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal Reddy) "математикалық теория "сигналдары" "алмаса алатын құрылымдар" деп байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған ".Ақпарат теориясы — математиканың ақпаратты сақтау, түрлендіру және тасымалдау әдістерін зерттейтін бөлімі, кибернетиканың маңызды саласы. Ақпарат теориясының негізгі ұғымы ақпарат (хабар) болып есептеледі. Ақпарат теориясында берілетін не сақталатын хабарлар көзі бар деп ұйғарылады. Бұл хабарлардың шығуы мен қабылдануы кездейсоқ сипатта болғанымен, оның шығу ықтималдығы белгілі деп қарастырылады. Мұндай хабарлардың “анықталмау” дәрежесін сипаттау үшін Ақпарат теориясына энтропия деп аталатын ұғым ендіріледі. Энтропия — қандай да бір тәжірибенің (сынақтың) әр түрлі нәтижемен аяқталатын анықталмағандық өлшемі. Ақпарат теориясы хабардың байланыс арнасы арқылы бөгеуілдермен берілу тәсілдерін зерттейді. Әр түрлі ақпаратты жинау, оны түрлендіру, жеткізу және сақтау — кез келген басқару жүйесінің қызметінде кездесетін жағдай. Жүйенің әр түрлі бөліктерінің арасында ақпарат алмасу әрқашан болып тұрады. Кез келген ақпаратты бір жерден екінші жерге жеткізу үшін оның кодталынуы (таңбалануы), яғни арнаулы белгілерге (символдарға) және сигналдарға түрленуі керек. Сондықтан да Ақпарат теориясының негізгі мәселесі аз ғана белгілер арқылы көп мәнді ақпарат беруді тиімді түрде кодтау (таңбалау) тәсілін зерттеу болып табылады. Бұл — байланыс арнасында бөгеуіл болған не болмаған жағдайда шешілетін мәселе. Байланыс арнасы арқылы қабылдаушы буынға келіп жеткен таңбаланған ақпаратты алғашқы түріне келтіруді декодтау (таңбадан мағынаға көшіру) деп атайды. Ақпарат теориясындағы күрделі мәселенің бірі — ақпарат көзінде үздіксіз өндірілген ақпаратты байланыс арнасы арқылы басқа орынға дер кезінде және бөгеуілсіз жіберіп тұру үшін байланыс арнасының өткізгіштік сыйымдылығын анықтау. Бұл мәселені шешу ақпарат мөлшерін бағалай білуді қажет етеді. Ақпарат мөлшерін бағалау ықтималдық теориясының заңдарына негізделген. Ақпарат теориясының негізін 1948 — 1949 ж. американ ғалымы К.Э.Шеннон қалаған. Оның теориясының дамуына Ресей ғалымдары А.Н.Колмогоров (1903 — 87), А.Я.Хинчин (1894 — 1959), ал іс жүзінде қолданылатын саласына В.А.Котельников т.б. үлкен үлес қосты. Ақпарат мөлшерін бағалау байланыс саласында үлкен рөл атқарғандықтан бұл ғалымдардың еңбегі тарихта алтын әріптермен жазылған.
Ақпараттық жүйелердің даму сатылары
Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын. 60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.
70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады.
80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға, өтімділіктің жаңа нарығын табуғы, өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті.
Ақпараттық жүйелердегі процестер
Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (1-сурет) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:
1-сурет. Ақпараттық жүйелердегі процестер
Ақпараттық жүйе келесі қасиеттермен анықталады:
o кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін;
o ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады;
o ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;
o ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.
Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.
Ақпараттық жүйелерді ендіруден нені күтуге болады
Ақпараттық жүйелерді ендіруде келесілерді алуға мүмкіндік береді:
• математикалық әдістер мен интеллектуалдық жүйелер және т.б. ендіруден басқару есептерін шешудің рационалды нұсқаларын алу;
• жұмысшыларды оны автоматтандыруда көптеген жұмыстардан босату;
• ақпараттың нақтылығын қамтамасыз ету;
• мәліметтерді қағаздық тасымалдағыштардан магниттік дискілер немесе ленталарға ауыстыру, ол компьютерде ақпаратты қайта өңдеудің рационалды ұйымдастырылуына және қағазда құжаттар көлемінің азаюына әкеледі;
• фирмада құжатайналым жүйесі мен ақпарат ағымының құрылымын жаңарту;
• тағамдар мен қызметтерді өндіруде шығынның азаюы;
• тұтынушыларға әмбебап қызмет көрсету.
Ақпараттық төңкерістер:
Бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты.Екінші ақпараттық төңкеріс XVI ғасырдың ортасында кітап басып шығарудың, баспа станогының пайда болуымен байланысты.Үшінші ақпараттық төңкеріс ХІХ ғасырдың соңына қарай өріс алды. Бұл кезде электр қуаты өндірілді.Төртінші ақпараттық төңкеріс ХХ ғасырдың 70-жылдары басталды. Бұл кезде дербес компьютер, компьютерлік желілер, мәліметтерді жіберудің спутниктік жүйелері, ақпараттық телекоммуникациялар пайда болды.
6.Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері:Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға бағытталған. Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген (механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді.Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды.Төртінші кезең (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдаланушылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу.Технологиялар пайдаланушылардың қажеттіліктерін ең жоғарғы дәрежеде қанағаттандыруға және компьютерлік ортада жұмыс істеудің сәйкес интерфейсін құруға бағытталған.
Ақпараттық Жүйелер дегеніміз не?
Басқару жүйе компоненттері арасындағы, сонымен қатар қоршаған ортамен ақпарат алмасумен байланысты. Басқару процесі уақыттың әрбір моментінде жүйе жағдайы туралы мәлімет алуды болжайды. Демек, экономикалық объектпен басқарудың кез келген жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, ол экономикалық ақпараттық жүйе деп аталады.Ақпараттық жүйе (АЖ) басқару функциясын өндіру үшін ақпаратпен әртүрлі рангтегі жұмысшыларды қамтамасыз ететін объект туралы ақпаратты жинау, жіберу, қайта өңдеу бойынша коммуникациялық жүйені көрсетеді. Ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің қазіргі индустриясының негізгі ерекшеліктерін қанағаттандырады. Олар басқару және шешім қабылдауды ұйымдастырады және қабылданатын шешімнің сапасын, толықтығын, нақтылығын, дұрыстығын және өз уақытында берілуін әлдеқайда жоғарлатады. Ақпараттық жүйелер функциялары есептің екі класымен өндіріледі: ақпараттық және технологиялық.Ақпараттық есептер ақпаратты қайта өңдеу және көрсетуді қамтамасыз етеді, ол адаммен басқару және шешім қабылдау процесінде пайдаланылады. Технологиялық есептер деректер базасын белсендендірумен, оларды бүтіндік жағдайында қолдаумен, эксплуатациямен, ақпараттық жүйені баптаумен байланысты.
Ақпараттық жүйелерге келесі талаптар қойылады:
Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;
Уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы;
Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі;
Есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі.
Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ) — бұл экономикалық объекттің түзу және кері ақпараттық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқарушы шешімдерін алу процесіне қатысатын мамандар, құралдар, тәсілдер жиынтығы.Ақпараттық жүйелер миссиясы. Ақпараттық жүйелер ақпарат және ақпараттық технологиялар сияқты қоғамның пайда болу моментінен бастап бар. Өйткені оның дамуының кез келген сатысында басқару қажеттілігі бар. Ал басқару үшін жүйелендірілген, алдын-ала дайындалған ақпарат қажет. Демек, ақпараттық жүйенің миссиясы – оның барлық ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге қажет ақпаратты өндіру, мекемемен басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттық және техникалық орта құру.
Ақпараттық жүйе мысалдары. Авиабилеттерді сату ақпараттық жүйесі, қойма шаруашылығының ақпараттық жүйесі, технологиялық процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелер және т.с.с.Кез келген жүйе негізінде процесс жатыр. Ақпараттық жүйе негізінде – ақпаратты өндіру процесі жатыр. Бұл мағынада ақпараттық жүйені басқару жүйесі ретінде қарастыра аламыз, мұнда бұл процесс басқару объектісі болып табылады. Басқарудың кез келген жүйесіндегідей ақпараттық жүйені басқару органдары бар.
2-кесте.
Ақпараттық жүйе басқару объектісі ретінде
Басқару объектісі |
Басқарудың жедел деңгейі |
Басқарудың тактілік деңгейі |
Басқарудың стратегиялық деңгейі |
Мекеменің ақпараттық жүйесі |
Ақпараттық жүйе персоналы, бөлімшелер мен функционалды қызметтер менеджерлері |
Директорлардың корпоративті мүшелері мен ақпараттық жүйенің бас менеджерлері |
|
Қолданылатын ақпараттық технологиялар |
Персонал, ақпараттық жүйелер |
Ақпараттық жүйенің бас менеджерлері |
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе компьютерлік техника көмегімен өндірілген жүйе ретінде пікірлер туындады. Бірақ олай емес. Ақпараттық технологиялар сияқты, ақпаратты жүйелер техникалық құралдарды қолданумен және де оны қолданбай-ақ жұмыс істеуі мүмкін.Ақпараттық жүйенің негізгі қасиеттері:Талданады және жүйені тұрғызу принцпінің негізінде тұрғызылады және басқарылады;Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамымалы болып табылады;Ақпараттық жүйені тұрғызу барысында жүйелік тұрғыны қолдану қажет етіледі;Ақпараттық жүйенің өнімі болып шешімін негіз қабылдау құрайтын ақпарат табылады;Ақпараттық жүйені ақпаратты өңдейтін адам-компьютерлік жүйе ретінде қабылдау керек.Қазіргі кездегі ақпараттық жүйе туралы түсінік компьютерлік техниканың көмегімен жүзеге асатын жүйе түсінігі ретінде қалыптасып келеді. Жалпы жағдайда ақпараттық жүйені компьютерлік нұсқада да түсінуге болады. Ақпараттық жүйенің жұмысын түсіну үшін алдымен оның шешетін мәселесінің мәнін содан кейін жүзеге асырылатын ұйымдастырылған үрдістерді түсіну қажет. Мысалы, шешім қабылдауды сүйемелдеу үшін компьютерлік ақпараттық жүйе мүмкіндіктерін анықтау барысында келесі қадамдарды ескеру керек.Шешілетін басқару есептерінің құрылымдылығы;
Шешім қабылданатын фирма басқарылуының иерархия деңгейінің болуы;
Бизнестің кез-келген функциялық саласына жататын есептердің шешілуі;Қолданылатын ақпараттық технологияның түрі.Ақпараттық жүйелердің спецификалық күшіне байланысты, олардың құрамындағы ең бір қажетті қасиеттерінің бірі оның сенімділік қасиеті болып табылады. Сенімділік функциясы – бұл жүйе қасиеті. Ақпараттың қателіксіз құрылуына жауап береді. Ақпараттық жүйелердің сенімділік функциясы шығатын нәтижеден көрінеді, себебі ол жай қасиеті ғана емес, жеке тұрғыдан үлкен мағынаға ие болып, ақпаратқа қойылған талапқа сай және нақты шығарылуын қамтамасыз етеді.Ақпараттық жүйеде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтерден қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады. Әрбір ақпараттық жүйені ақпараттық обьектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпарттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпараттық жүйелерді келесі топтарға бөлеміз: 1) Ақпараттық-анықтамалық жүйелер. Олар ақпаратты жинап оны пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталатын жүйелер. 2) Ақпаратты-іздеу. Бұл қажетті ақпараттарды алу үшін желі арқылы ізденіс жүйесі. Мысалы: интернет жүйесі; 3) Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер. Олар обьектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп нақты жағдай үшін қажетті пікірлерді ұсынады. Мысалы: эксперттік, интеллектуалдылық жүйелер; 4) Ақпараттық-басқару жүйелер. Мекеменің дамуын жоспарлау және жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетіп тиімдеу жүйелері. Мысалы: дайын өнімдерін есептеп талдау, сату жұмыстарын автоматтандыру; 5) Ақпаратты есептеуіш жүйелер. Мекемелерді, кәсіпорындарды дамытудың бірден-бірі қаржылық есептеуіш жүйелері. Ол жүйенің жұмысын жүзеге асыруға алдына қойған мақсаттарға жетуге жеңілдік жасайды. Мысалы, 1С бухгалтерлік есептеу жүйесін алуға болады.Ақпараттық жүйелерді құру барысында еңбек шығынының негізгі үлесі қолданушылы бағдарламалық жасақтамамен мәліметтер қорына түседі. Сондықтан бағдарламалық жасақтама өндірісі бүгінгі күннің дүниежүзілі экономиканың ең ірі саласының біріне айналып отыр. Ақпараттық жүйе құрылымын бағыныңқы жүйелер деп атайды. Бағыныңқы жүйе — бұл қандай да бір белгімен ерекшеленген жүйенің бір бөлігі. Бағыныңқы ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолданылу сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификациялау құрылымдық белгісі ретінде сипаттаймыз. Осылайша кез-келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз етуші бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде ұсынуға болады.Ақпараттық қамтамасыз ету бағыныңқы жүйенің белгіленуі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастыру және сенімді ақпаратты беруден тұрады. Ақпаратты қамтамасыз ету бұл классификацияның және ақпараттық кодтаудың біртұтас жүйелерінің, құжаттамалаудың унифицирленген жүйесі, ақпараттық ағымдар суреті, сонымен қатар мәліметтер қорын тұрғызу метадологиясы жиындары. Құжаттамалаудың унифицирленген жүйелері мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейлерде құрылады. Ең бастапқы мақсатты қоғамдық өндірістің кез-келген сферасындағы көрсеткіштерді қамтамасыз ету. Келесі талаптар орнатылған стандарттарға әзірленген:Құжаттамалаудың унифицирленген жүйелеріне;Басқарудың әртүрлі жүйелеріндегі құжаттың унифицирленген формалары;Реквизиттермен көрсеткіштердің құрамымен құрылымына;Құжаттың унифицирленген формасын реттеуді ендіру, жүргізу және тіркеу.Алайда унифицирленген құжаттамалар жүйесін реттеу барысында көптеген типтік кемшіліктер кешені пайда болды. Қолмен өндіру үшін құжаттың мөлшерден тыс үлкен көлемі; Әртүрлі құжаттарда бірдей көрсеткіштің қайталануы; Үлкен көлемді құжаттармен жұмыс жасау мамандардың тікелей есептерді шешуде көңілін аударады.Сондықтан көрсетілген кемшіліктерді болдырмау, ақпараттық қамтамасыз етуді құру барысындағы міндеттің бірі болып табылады. Ақпараттық ағындар сызбалары ақпараттар қозғалысының маршрутын және алғашқы ақпараттың пайда болу орнындағы оның көлемін және нәтижелік ақпараттарды қолдануды бейнелейді. Осындай сызбаның құрылымдарын талдау үшін барлық басқару жүйелерінің дамуы бойынша шараларды жүзеге асыруға болады. Мәліметтер ағынының қарапайым сызбаның мысалы ретінде қызметтік жазбаның жүруінің барлық кезеңдері бейнеленген немесе қызметтің жұмысқа орналасуымен оның жұмыстан шығуы туралы мәліметтер қорындағы жазбаның кезеңдері бейнеленген сызбаны алуға болады. Ақпараттың көлемін және оның детальды талдауын анықтауға мүмкіндік жазбайтын ақпараттық ағындар сызбасын тұрғызу үшін: Қолданылмайтын және қосарлануды болдырмайтын ақпараттарды; Ақпаратты классификациялау және рационалды ұсынуды қамтамасыз етеді.Басқару деңгейі бойынша ақпараттар қозғалысының өзара байланысын толығырақ қарауға болады. Сондықтан басқару шешімдерін қабылдау үшін қандай көрсеткіштер қажет, қандай көрсеткіштер қажет емес екендігін анықтау керек. Әрбір орындаушыға тек қолданылатын ақпараттар туралы ақпарат түсуі қажет. Мәліметтер қорын тұрғызу методологиясы оның жобалауының теориялық негіздеріне бағытталады. Методология концепциясын тәжірибеде жүзеге асатын оның негізгі идеялары 2 кезеңмен түсіндіріледі.
1 кезең. Келесі мақсаттар бойынша фирманың барлық функционалдық бөлімдерін зерттеу. — оның қызметінің спецификациясының құрылымын түсіну; — ақпараттар ағындар сызбасын тұрғызу; — құжат алмасудың жүйесін талдау; — ақпараттық объектерді және оның қасиеттері мен белгіленуін сипаттайтын сәйкес реквизиттер (параметрлер, сипаттамалар құрамын анықтау).2 кезең. Қызмет сферасының 1-ші кезеңдерде зерттелу үшін мәліметтерін концептуалды ақпараттық логикалық модельін тұрғызу. Бұл модельде объекттер мен олардың реквизиттері арасындағы барлық байланыстар оптимизацияланған және орнатылған болуы тиіс. Ақпараттық логикалық модель мәліметтер қоры құрылатын фундамент болып табылады.Ақпараттық қамтамасыз етуді құру үшін: 1) ұйымды басқарудың барлық жүйелерінің мақсатын, міндетін функцияларын нақты түсіну; 2) ақпараттың пайда болуынан оның ақпараттық ағындар сызбасы түрінде талдау үшін ұсынылатын басқарудың әртүрлі деңгейлерінде қолданылуына дейінгі қозғалысын анықтау; 3) құжат алмасу жүйесінің жетілуі; 4) классификациялармен кодтау жүйесін қолдану; 5) ақпараттың өзара байланысын бейнелейтін концептуалды ақпараттық логикалық моделін құру методологиясын меңгеру; 6) қазіргі заманғы техникалық қамтамасыз етуді қажет ететін машиналық тасымалдаушыларды ақпараттар массасын құру қажет.Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйе жұмысы үшін арналған, сонымен қатар осы құралдар мен технологиялық үрдістерге сәйкес келетін құжаттамалардың техникалық құралдар кешені.Техникалық құралдар кешені келесілерден тұрады:
кез-келген модельді компьютер;
ақпараттарды жинау, жинақтау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;
деректерді беру құрылғылары және байланыс линиялары;
ақпараттарды автоматты алынып-салыну құрылғысы,
эксплуатациялық материалдар және т.б.Құжаттамалаумен техникалық құралдарды алдын-ала талдау, олардың эксплуатациялануын ұйымдастыру, деректерді өңдеудің техникалық үрдісі, технологиялық жабдықтар рәсімделеді. Құжаттамалауды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және салалық стандарттардан тұратын жалпы жүйелік;техникалық қамтамасыз етуді әзірлеудің барлық кезеңдері бойынша әдістемелер кешенінен тұратын арнайыландырылған.техникалық қамтамасыз ету бойынша, есептеулерді орындау барысында қолданылатын нормативті анықтамалық.Қазіргі кезде техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі формалары бар (техникалық құралдарды қолдану формалары): орталықтандырылған және бөлшекті немесе толығымен орталықтандырылған. Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйеде үлкен ЭЕМ және есептеу орталықтарын қолдануға бағытталған. Орталықтандырылмаған техникалық құралдар дербес компьютерлерде жұмыс орнымен тікелей функционалды бағыныңқы жүйелерді жүзеге асырады.
Ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын рөлі
Ақпарат билігі — ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын рөлі. Ақпарат құралдары хабарларды халық арасында таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар жүргізуге және тағы сондай сияқты мүмкіндік береді. Солардың арқасында қоғамда тұрақтылық, ынтымақтастық ахуал орнығады немесе тұрақсыз жағдай қалыптасады. Ақпарат құралдарының адамдарға тигізетін ықпалын ескере келе, әдетте, оны заң шығарушы, атқарушы, сот билігімен қатар қойып, “төртінші өкімет” деп те атайды. КСРО кезінде ақпарат құралдары тікелей мемлекеттің бақылауында болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін шын мәнінде сөз бостандығы беріліп, демократиялық жүйе қалыптасып, ақпарат құралдарын бұрынғыдай қатаң бақылау үрдістен шығып қалды.
Ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын рөлі.Ақпарат құралдары хабарларды халық арасына таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар жүргізуге және т.б. мүмкімдік береді. Солардың арқасында қоғамда тұрақтылық , ынтымақтастық ахуал орнығады немесе тұрақсыз жағдай қалыптасады. Ақпарат құралдарының адамдарға тигізетінықпалын ескере келе, оны заң шығарушы, атқакрушы, сот билігімен қатар қойып, төртінші үкімет деп атайды. КСРО кезенде ақпарат қуралдары тікелей мемлекетің бақылауында болады.ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін шын мәніненде сөз бостандығы беріліп, демокретік жүйе қалыптасып, ақпарат қуралдарын бұрынғыдай қатаң бақылау үрдістен шығып қалады.Ақпарат құралдары кең мағынасында бұған жұртшылдыққа хабар тарататын құралдардың бәрі-газет,жұрнал, телевизия және радио,пресс-релиздер,жарнамалық мәтіндер,таблоидтер жатады. Қалыптасқан мағынасында: мерзімді баспасөз, телевизия және радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байаныс жүйелері енеді. Баспасөз телевизия және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілдікке ұсынылатын материялдарын түсіндіреді, бұл материялдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тындарманның эстетикалдық сұранысын өтейді. Ақпарат құралдары-мемлекеттік тәуелсіздігінің саяси эканомикасын және ғылыми техналогиясын дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.Ақпарат саясаты-мемлекеттік органдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі-іскерлік, бәзілдік, хабарламалық т.б. Сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Ақпаратты сақтайтын бұлайша түсіндіру ақпарат индустриясының әр қилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялары, компьюторлік технол-ларды жаңалау үрдісіне ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп отыр. Мемлекеттік өзінің эканомикалдық әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес ақпарат саяатын ұстанады. Мемлекеттік тарихындағы түбірлі реформалар өзгерістерге орай дұрыс тандап алған ақпарат саясаты қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастап, өзіндік матермияалдық-рұхани құндылықарын сақтай отырып, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілүгек қызмет етеді.Ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру тартумен және оны адам қызметінің әр түрлі саласында пайдалануға байланыстымәселен мәселерін зертейттін ғылым саласы. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарту мәселелерін адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келеді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа техналогиясы жасалды. 20ғасырдың басында Бельгия ғылымы П. Отле ғылымы құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау,іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жекек өһңдеу операцияларын техникаландыру ешқандай Ақпаратануға елеулі өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының пайда болуы бұл жағдайда түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығарудға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды.КСРО да ақпарат дербес пен мәтінде 50-жылдардың басында қалыптасты. Ал ақпарат Қазақстанда 1957 жылы басталды. Сол жылы Қазақстан мемлекеттік жоспарлау кезінің жанынан ғылыми техника , ақпарат және техника ,эканомика ғылыми зерттеу информаты ашылды.Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары: ғылым техникалық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау. 1991 жылы Қазақстанда Ақпараттану және басқару проблемалары институты ашылды. Оның лабараторияларында іргелі зерттеулер «Ақпараттың, басқарудың және ақпараттық жүйелерді жасаудың теориялық мәселері» және Респи ғылым техникасы бағдарма саласында « халық шаруашылығын ақпараттандыру» бағдармалары бойынша жүргізілді.
Қортынды.
ЖАТ жағдайында адамдардың қызметін ұйымдастырудың түрлері мен әдістері туралы білімдерді меңгеруге, әртүрлі операциялық жүйелермен жұмыс істеу біліктілігін меңгеруге, текстерді редакциялауға жөне басқа да дербес компьютерлерде қолданбалы пакеттермен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді.Әлемдік қоғам, біріншіден, дамыған мемлекеттер мықты ақпараттық инфрақұрылымды құрастырған және бір ақпараттық кеңістік ұйымдастырған, үздіксіз дамитын, кеңейетін және жітілдіретін. Ақпарат қор болды, оны жинауға, өндеуге, қолдануға және таратуға болады. Мемлекет жоғары экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жете алады және әлемдік экономикалық жүйеде толығымен серіктес ролін атқара алады егер де ол қоғам өмірінің барлық аумағында, әсіресе бизнес пен басқаруда, ақпараттық технологияларды (АТ) және ақпараттық жүйелерді көлемімен қолданса.Ақпараттық технология –ЭЕМ –нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті талап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішіндегі ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология “ адамдық факторға” үлкен көңіл бөледі және оның шеңберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді. Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері биснесте де басқаруда да өте кең және әр түрлі. Бұл аумақтарда ақпарат АТ-ның қолдануының жаңа көкжиектерін ашады. Бағдар бөлінетін жүйелерді жетілдіру мен енгізуге бағытталған, әсіресе клиент (тұтынушы) - сервердің архитектурасы, торлық технологиялардың барлық түрлерін кеңімен қолдану.Ақпаратты өндеуге қолданылатын кейбір адам қызметінінің аумақтары тізбесін береміз:
білім беру;
банктік қызметтің барлық жақтары;
сақтандыру және кауіппен басқарудың барлық түрлері;
байланыс, әсіресе спутниктер арқылы;
бағалы қағаздарды және тауарларды сату;
медициналық диагностика;
жарнама және сауда;
тауарлырдың сыртын көркемдеу және ораушы;
баспа қызметі, жаңалықтарды және ойын-сауықты жинау;
видеографикадан және лотереядан ойын ұйымдастыру және жүргізу;
жазуды байқау, бақылау және жүргізу;
болжау және модельдеу;
тегік инженерия және биологикалық жинақтау.
Қоғамды ақпараттандыру. Дүние жүзінің өркендеген елдері куатты ақпараттық құрылымды күрды және бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жоғарғы қарқынмен іске асыруда. Мемлекет жоғарғы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетуі мүмкін және дүниежүзілік экономикалық жүйеге тең құқылы бәсекелес болуға үміткер бола алады, егер ол мемлекетте ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер қоғамның барлық өрісінде қолданьшу табатын, әсіресе кәсіпкерлік пен басқару істерінде қолданыс табатын болса.
Ақпараттындыру адам қызметінің, нарықгағы кез-келген адамның және мемлекеттің барлық істеріне бағытталған болу керек.и Ақпараттандыру адам қызметінің барлық өрісінде ақпараттық технологияны (АТ) жаппай қолдануды, ақпараттық жүйені қүруды, кез-келген экономикалық, ұйымдық немесе әлеуметтік қүрылымның қызмет етуіне әсерлі қолдануды көздейді.
Ақпараттандыру және ақпараттық ортаны құру үрдісі материалдық өндірісті, әлеуметтік өрісті және қызмет көрсетуді көрсетуді қамтиды және мыналарды атқарады:
• өндірісті, өңдеуді және ақпаратты таратуды қамтитын ақпараттық техника мен технологияны қүру:
• ақпараттандыру қүралы мен үдерісін дамытуды -және қолданьшуын . қамтамасыз ететін инфрақұрылымды талдауды:
• ақпараттың өзін, ақпараттандыру өнімдерін жөне қызмет көрсету өндірістерін: Ақпараттандырудың инфрақұрылымы мынаны иемденеді:
1) ақпараттандыру обьектілері мен технологиялардың өзара бірлесе жұмыс істеуі үшін байланыс жолдары, есептеу құралдары мен желі торлары жүйесін;
2) ақппараттар кешенінің қызмет етуін қолдап отыратын бағдарламалық қүралдарын;
3) ақпараттандыру құралдары мен мәліметтер жиынтығын;
4) осы технологияны тиімді пайдалануға қабілетті мамандарды дайындау жүйесін;
5) ақпараттандыру үдерісін тиімді дамытуға мүмкіндік жасайтын экономикалық және қүқықгық механизмдерді. Ақпараттандырудың экономикалық мақсаттары.
Халық шаруашылығы қорларының барлық түрлерін-еңбектік, материалдық, энергетикалық, қаржылық, өндірістік-тиімді тиімді пайдалануды арттыру үшін ақпараттық қорларды алу, пайдалану және өңдеу. Ақпараттандырудың әлеуметтік мақсаттары:
- Ақпараттық технологияларды әлеуметтік өрісте қолдану есебінен халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтің түрлері мен сапаларын жақсарту:
- Адам өміріндегі тіршілік әрекетінде және ойлауын дамытуға бос уақытын молайту:
- қалың жұртшылық үшін демократиялық еркіндікті жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде білім сапасын арттыру, дәрігерлік қызмет деңгейін көтеру, әлеуметтік қорғау деңгейін бекіту, демократия мен жариялылықты дамыту және т.б.
2. Ақпараттық технологияның даму кезеңдері. Ақпаратты өңдеу үрдісі мен есеп түрінің бөлу белгісі. Қоғамның ақпараттану жолындағы мәселелер, мәселелер бөлу белгісі. Компьютерлік технологияның әкелетін артықшылығының бөлу белгісі. Технология құрал түрлерінің бөлу белгісі.
Жаңа ақпараттық технологияның қадамдары. ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкеледі. Бұдан ақпаратты кластарға, тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп таба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика деп атады. Бұл сөз француз тіліндегі “information” деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі “Computer science” деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады.Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады, олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына есепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан ( құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, сөзді диктафонға жазу) айырмашылығы–тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, “жылы жүзді” прогромалық жасақ және дамытылған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық технология төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:
- әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (программалау емес) керек;
- мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірығай үлгісіне келтіріп жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсеру;
- кез келген құжатты қағассыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында (дискілер) сақталады да экранда көрсетіледі;
- адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттасу режимін (интерактивті режим) жүргізу;
- бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даяарлау;
- есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу.Бұл күндері жаңа ақпараттық технология информатиканың негізгі бір саласы болып табылады, оның болашақта басқа салаларда істейтін мамандар жұмысқа тигізетін әсері зор болады деп күтілуде. Ақпараттық техника –ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшін оны сақтайтын, жеткізетін және өңдейтін құралдарды көптен жасау керек болды. Соның нәтижесінде ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсіресе оның ішінде электрондық машиналарға өте көп көңіл бөлінуінде, өйткені ақпаратты жылдам өңдеу үшін қолданылатын негізгі электрондық тетік есептеу машинасы болып табылады. Сонымен қазіргі кезде информатиканы кеңінен қолданатын орындарға мыналарды жатқызуға болады:еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару;ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді автоматтандыру;ЭЕМ-дерді халық шаруашылығындағы экономикалық ұйымдастыру, басқару жұмыстарында пайдалану;ЭЕМ-дерді оқыту және халық шаруашылығына керекті мамандар даярлауда қолдану;ЭЕМ-дерді халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медецина, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, энергетика т.б.) Өткен ғасырдың 80-жылдары Дж. Мартин (АҚШ) "жаңа ақпараттық технология" - (ЖАТ) деп атап жобасын ұсынды. Жаңа технологияның қажеттілігі ірі көлемдегі автоматтандырылған жүйелерді талдауда әдеттегі әдістердің ұзақтылығы оның өзіндік ескіргендігінен уақыт өте келе туындады. Болашақ жүйеге талаптар құрылғаннан және бекітілгеннен кейін, және оның эксплуатациялық тәжірибенің басталуына дейін көп уақыт өтті де алғашқы талаптар ескіре бастады. Мұнда жалғыз ғана жол-жүйені құру барысында оған болашақ пайдаланушының тікелей араласуы. Машықтанған мамандар мұнда болашақ жүйенің бағдарламамен қамтамасыз етуді қалыптастырумен айналысуы тиіс болды. Бұл жаңа ақпараттық технологияның мәнін құрды.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.«Ақпараттық жүйе негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
2. Ақпарат теориясы [Электрондық ресурс] : лекция жинағы / Л.Е. Шаймерденова ; ОҚМУ. - Электрон. текстовые дан. - Шымкент : ОҚМУ, 2007.
3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ТЕОРИЯСЫ Қ.С. Байшоланова
4. http://el.kz/m/articles/view/content-4963
5.http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/311
6.http://kazorta.org/a-paratty-zh-jeni-negizgi-ma-sattary/
7. http://m.kafu.kz:88/course/info.php?id=416