Описание:
Доступные действия
Введите защитный код для скачивания файла и нажмите "Скачать файл"
Защитный код
Введите защитный код

Нажмите на изображение для генерации защитного кода

Текст:

    ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:Олигополия

                                                                                
  Орындаған Сулейманов Р.К. Тур-21К

                                                                                
  Тексерген Жанбекова З.Х.

                                                           Қарағанды-2016

Олигополия дегеніміз өндіріс концентрациясы жоғары нарықтық құрылым моделі.

Олигополияның ерекшеліктері:

  • Бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір-бірімен бәсекелес фирмалар болады;
  • Фирмалар көбінесе басым (лидер) фирмалар деп аталады және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне едәуір ықпал етеді;
  • Олигополиялық фирмалардың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкіндіктерін ескеріп талдап отырады. Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әртүрлі нақты жағдайдағы іс-әрекетін көрсететін бірнеше модельдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.

Курно дуополиясының моделі

Екі фирма бердей технологияны қолданады және біртектес өнім өндіреді деп қарастырамыз. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары керек. Курно дуополиясының негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан модельде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдай арқылы жүзеге асырылады.

Ойын теориясы

Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды. Сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бұл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталасының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да соның нәтижесінде шешім қабылдайды.

Нарықта екі бәсекелес фирма іс-әрекетін жасайды делік, олардың әрқайсысы өзінің пайдасын жоғары деңгейге жеткізуді көздейді. Фирманың екі балама бағалық стратегиясы бар:

  1. Өнім бағасын төмендету;
  2. Бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру.

Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны таңдаулары керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді. Сондықтан әрбіо фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді: бәсекелес бағаны төмендетпегендегі және бағаны төмендеткендегі. Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атайды.

Картельдің құрылуы

Картель құрған кезде өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туралы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауарлардың бағасын жоғарылатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан картельдің әрбір мүшесіне белгілі бір квота тағайындалады.

Олигополия аз кәсіпорындардан тұрады ,өнімі әртекті немесе бірттекті болуы мүмкін. Өндіріс концентрациясы жоғары, яғни саладағы 3-4 фирманың үлесі бүкіл салалық ұсыныстың 70-тен 90 пайызына дейін құрауы мүмкін. Концентрация деңгейі бүкіл мемлекетке қатысты салыстырылады.

Саланы анықтау дәлдігі төмен.

Шетелдік жеткізушілердің бәсекесі де есепке алынады.

Кейбір салалардың бірнеше фирмалардан ғана тұруына себеп болатын нәрселер: масштаб әсері — өндіріс тиімділігіне жету үшін рыноктық ұсыныстағы үлес салмақ жоғары болу керек. Әр салада фирманың саны көп болса ,өндіріс   масштабы тиімділігі орындалмайды. Олай баолса фирманың өндірістік қуатын кеңейтуді бәсекелестер есебінен жүргізу пайдалы.

Өндіріс масштабының жағымды әсері салаға кірудегі кедергілердің болуынан орындалмауы мүмкін. Мысалға патентті иемдену, стратегиялық шикізатқа иелік етү, бақылау жасау, электроника , химия т.б. Олигоплия жағдайында фирмалардың бірігуіне өндіріс масштабының тиімділігін пайдалану себепші болуы мүмкін. Рыноктық билікке жету бірігу арқылы ғана іске асады

Олигополия- баға саясаты мен басқа бәсекелестерді санасатындай  аз фирмалар санынан тұратын құрылым.

Олигополия жағдайында баға құру мен өндіріс көлемін анықтаудың 4 моделі бар:

1 құпия келісімге негізделген баға;

2 бағадағы лидерлік әдісі;

3 шығынға үстеме қосу;

4 сұраныстың сынық графигі.

Монополиялық бәсекеде салыстырмалы түрде көп фирмалар бір-біріне ұқсас ,бірақ бірдей емес өнім өндіреді.Әр фирма рыноктық ұсыныстың  аз ғана бөлігін иемденеді.Құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ .Өзара тәуелсіз, бәсекелестердің реакцясын есепке ала отырып жұмыс жасайды. Монополиялық бәсеке жфағдайындағы өнім дифференцияциясы: сапасы, физикалық түрі, қызметтер, тұтынушыға  қызмет көрсету ерекшелігі, тұтынушыға алыс-жақын орналасуы, сатуды ынталандыру және буып –түю т.б.

Кейбір тұтынушылар өзіне ұнайтын ерекше өнімге көбірек төлем жасауға дайын, жоғарыдағы өнім дифференциациясы бағалық емес бәсеке деп аталады.

Олигополиялық бәсеке және «баға қақтығысы».

Олигополист фирмалардың арасындағы бәсеке әрбір фирманың нарықтағы үлесін өсіру үшін жүргізіледі. Осы мақсатпен олигополист фирмалар «баға қақтығысына» әкелетін саналы түрдегі бәсекеге түседі. «Баға қақтығысы» дегеніміз –олигополист фирмалардың бірінен кейін бірінің бағаны төмендетуі. Оның салдарын 90- суреттен көруге болады.

Салада екі фирма жұмыс істейді. Олардың орташа шығындары тең. Фирмалар Р*  бағасымен Q*  өнім көлемін өндіре отырып, өзара нарықты бөліседі және экономикалық пайда алады. Егер фирмалардың біреуі бағаны Р1 деңгейіне дейін түсіре отырып, өнім көлемін Q1 өсіерсе, ол нарықты жалғыз өзі басып алу арқылы пайдасын  көбейтеді. Оған жауап ретінде екінші фирма бағаны Р2 деңгейіне дейін түсіреді де, нарықта Q2 өнім көлемін ұсына отырып, өзінің билігін орнатады.

Пайдасынан айрылған бірінші фирма бағаны орташа шығынға тең Р3 баға деңгейіне дейін түсіруге мәжбүр болады. Баға орташа шығынға теңескенде екі фирманың біреуі де экономикалық пайда ала алмайды.

Баға қақтығысының нәтижесінде жетілген бәәсекелес нарыққа тән тепе-теңдік орнайды; Р3= АС=МС. Осы теңдікті Бертран теңдігі дейді. Сонымен, олигополист фирмалар «баға қақтығысын» баға орташа шығынға теңескенге дейін жүргізеді.

«Баға қақтығысынан» тұтынушылар ұтады. Бірақ «баға қақтығысы»  ұзаққа созылмайды. Олигополист фирмалар «баға қақтығысына» түспеу үшін бір-бірімен баға белгілеу және нарықты бөлу туралы жасырын келісімге келуге ынталы болады. Сондықтан бұл үлгіні «жасырын келісімге келу»  үлгісі деп атайды

Егер  фирмалар бір-бірімен жоғары баға белгілеу арқылы пайданы көтеру туралы келісімге келсе, нарықта картель пайда болады. Картель – баға мен өнім көлемін бірге анықтай отырып, пайданы көтеру туралы келісімге келетін өндірушілер тобы. Картель пайда ең жоғары деңгейге көтеретін өнім көлемін өзінің мүшелерінің арасында бөліп, әрқайсысының үлесін анықтайды. Оны квота деп атайды. Картельдің негізгі проблемасы — әрбір фирманың үлесін (квотасын) анықтау және оның орындалуына бақылау қою. Себебі картельдің бағасымен пайданы көтеру үшін жеке фирмалар өздерінің үлестерін көбейтіп жіберсе, ол картель бағасының төмендеуіне және пайданың жойылуына әкеледі.

10.6. Баға белгілеудегі жетекшілік

Олигополия нарығындағы өзара келісе отырып, баға белгілеу немесе нарықты бөлісу онай жұмыс емес және оған заң жұзінде тыйым салынған. Сондықтан олигополист фирмалар өзара келісімнің жасырын түрлерін кең қолданады. Соның бірі – баға белгілеудегі «жетекшілік».

Салада нарықтағы үлесі жоғары, техникалық және технологиялық жағынан қарастырсақ, басымды орын алатын фирмалар болуы мүмкін. Оларды «жетекшілер» десек, саладағы басқа фирмалар оның «жетегінде» жүреді. Фирмалардың осындай жағдайларын олардың баға ьелгілеу саясатынан көреміз. Баға белгілеудегі жетекшілікті жартылай монолия дейді. Жетекші фирма монополиялық баға белгілейді. Баға белгілеудегі жетекшілік моделі 91- суретте көрсетілген.

Жетекші фирма-олигополист нарықтағы жалпы сұраныстарың  мөлшерін және оның бағаға икемділігін ескере отырып, өзінің өніміне сұранысты (Dж қисығы) анықтайды. Таза сұранысты анықтау үшін жетекші фирма саладағы басқа фирмалардың (кез-келген бағамен сата алып өнім көлемін нарықтағы сұраныс (D қисығы) мөлшерінен алып тастайды. Жетекші фирма озінің MRЖ=МC теңдігіне сүйене отырып, нарқтағы сұраныстың икемділігіне байланысты Рж деңгейіндегі бағамен qж өнім көлемін ұсынады.

Жетектегі фирмалар жетектеушінің бағасын (Рж) қабылдайды. Осы бағамен олар qf  өнім көлемін  өндіріп ұсынады. Сонымен жалпы нарықтық ұсыныс qD= qж+ qF болады.

Неге жетектегі фирмалар жетекшінің бағасын қабылдайды? Оның екі себебін атауға болады. Біріншіден, жетектегі фирмаларға салада жетектейтін фирманың болғаны пайдалы. Нарықта басымды орын алатын ірі фирмалар ғана нарықты жан-жақты зерттей отырып, нарықтық сұраныс туралы нақты ақпарат жинайды. Сондықтан жетектейтін фирманыңбелгілеген бағасын жетектеғілер оптимальды баға ретінде қабылдайды. Егер жетекші фирма бағасын өзгертсе, оны жетектегілер болашақтағы сұраныс өзгерісінің белгісі  деп түсінеді. Екіншіден, жетектегі фирмалар уақытша пайдаларын көтеру үшін өздерінің бағаларын төмендете алады.  Бірақ  жетекші фирма тарапынан «баға  қақтығысының» ашылуынан қорқады.  Егер жетекші фирма «баға қақтығысын» бастаса, жетектегі фирмалар одан жеңіліп қалады. Себебі,  жетекші фирманың шығыны жетектегілердің  шығындарына қарағанда төмен.

Баға белгілеудегі жетекшілік саясатын   жүргізу және экономикалық пайда алу нарыққа кіруге қойылған кедергілерге байланысты. Ұзақ мерзімде нарыққа жаңа фирмалар кіруі  мүмкін. Сондықтан олигополистер  өздерінің  экономикалық жағдайларын сақтап қалу үшін нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне баға тарапынан кедергі қояды. Ол үшін олигополистер салаға кіруге ынталы фирмалардың орташа шығындарын  бағалай отырып, ұзақ  мерзімдегі ең  төменгі орташа шығын деңгейінде баға белгілейді. Егер жаңа фирмалардың орташа шығындары салалық орташа шығыннан жоғары болса, салаға кіруге  мүмкіндік болмайды. Себебі олигополист фирмалар белгілеген бағамен өнімдерді сату оларды банкроттыққа әкеледі.

Жетекші фирмалар нарықтан өзінің бәсекелестерін ығыстырып   шығару үшін бағаны қысқа мерзімдегі ең төменгі орташа шығын деңгейінде белгілеулері де мүмкін. Бағаны түсіруден шеккен зиянды жетекші фирмалар ұзақ мерзімде қайратып  алуға үміттенеді.

Баға арқылы жаңа фирмалардың нарыққа кіруіне кедергі қою немесе  бәсекелестерді нарықтан шығару мақсатымен, олигополистер уақытша монополиялық биліктен бас  тартады.

Информация о файле
Название файла от пользователя kuznica-povolzhya
Дата добавления 5.5.2020, 17:26
Дата обновления 5.5.2020, 17:26
Тип файла Тип файла (zip - application/zip)
Скриншот Не доступно
Статистика
Размер файла 15.11 килобайт (Примерное время скачивания)
Просмотров 420
Скачиваний 61
Оценить файл